Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Биыл 32 педофил бостандыққа шығады

AstanaTV
03.06.2021ж. 20:00
1922
Биыл 32 педофил бостандыққа шығады

Биыл 32 педофил бостандыққа шығады. Оларға химиялық кастрация жасалмайды. Бұл психологтарды алаңдатып отыр.  Еркіндікке шыққаннан кейін  де олар  қылмысқа баруы әбден мүмкін дейді. Қазір 2 мыңға жуық адам педифилия үшін темір тордың арғы жағында отырса, соның 20 пайызы қылмысты екінші мәрте жасап, сотты болғандар.  Ал Бас прокуратураның мәліметінше, былтыр 300-ден астам "бала зорлау" дерегі тіркелген.


Анна РЫЛЬ, «ҚОРҒАУ АСТАНА» ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Біз кейбір жағдайлар туралы тіпті білмейміз. Мұндай сұмдықты басынан кешірген баланың жағдайын сипаттау қиын. Шошынған баланы моральдық тұрғыдан қалыпқа келтіру үшін ұзақ уақыт психологпен тыңғылықты жұмыс істеу керек. Өйткені, зорлық-зомбылық көргендердің мінезінде ауытқушылық болады. Өкінішке қарай, қазір зорлық-зомбылық көретін қыз балалар ғана емес.


Анна Рыльдің пікірінше,  балаға зорлық-зомбылық көрсеткен  қылмыскерді бостандыққа жіберу өте  қауіпті.Себебі елімізде мұндай ауыр қылмыс жасағандарды босап шыққаннан кейін   бақылайтын және олармен жұмыс істеуге арналған бағдарлама  жоқ.  Тағы бір мәселе, баласы зәбір көрген ата-ана  көп жағдайда қылмысты жасырып қалады. Қылмыстың қайталануына бұл да әсер етеді.

Анна РЫЛЬ, «ҚОРҒАУ АСТАНА» ҚОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Педофидер арнайы браслет тағып, уақытылы тексеруден өтіп, арнайы мекен-жайда тұруы керек. Әрі олармен психотерапевт үзбей жұмыс істеуі керек.  

Л. Қуанышқызы