Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстан мен Армения арасында шешілмейтін мәселе жоқ,-Елбасы

AstanaTV
03.06.2021ж. 20:00
1538
Қазақстан мен Армения арасында шешілмейтін мәселе жоқ,-Елбасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Армения Республикасының Президенті Армен Саркисянмен кездесті. Тараптар екі ел арасында Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізілген ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Сонымен қатар өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алысты. Сондай-ақ, бас қосуда Елбасы: Армения, Әзірбайжан және Ресей басшылары былтыр өзара жасасқан келісім - Ереван мен Баку арасындағы барлық даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:


Қазақстан мен Армения арасында тарихи тұрғыдан жақсы қарым-қатынас қалыптасты. Тәуелсіздік жылдарында мен Арменияның барлық президенттерімен әріптестік байланыста болдым. Біздің елдер арасында шешімін таппаған мәселе жоқ. Қазір Армениядағы жағдай күрделі екенін білемін.

Б. Сатуов