Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қостанайлықтар "С1" санаттағы көлікке емтихан тапсыра алмай жүр

AstanaTV
03.06.2021ж. 20:00
1960
Қостанайлықтар "С1" санаттағы көлікке емтихан тапсыра алмай жүр

Арнайы көліктің азабы. Қостанай тұрғындары бір айдан бері "С1" санаты бойынша емтихан тапсыра алмай жүр. Себебі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлік жоқ. Тағаты таусылған көпшілік арнамызға жүгінді. Мәселенің мәнісін тілшіміз Заңғар Санай біліп қайтты.

Қостанайдағы мамандандырылған орталық маңы шудан арылмай  келеді. Бұған дейін емтиханға келген әлеумет  тізгіндейтін жеңіл көлік таппай әуреге түскен еді. Бұл жолы көпшілік «С1» категориясына сынақ тапсыра алмай жүр. Автодромда арнайы жабдықталған көлік жоқ.
 
Бақтияр УАЙЫСОВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Тест өткен аптада тапсырдым. Вождениясы қалды С1. Негізі айтты В менде тапсыруға болады, бірақ мен күте тұрайын деп шештім. Өйткені тағы да тест тапсыру керек болады.


Шаһар тұрғыны Әмір Шаяхмет бір айға жуық халыққа қызмет көрсету орталығын жағалап жүргенін айтады. Оған әкесінің жүк көлігін жүргізу үшін «С1» санаты керек. Сынақтан өтейін десе  арнайы көлік құралы болмай тұр.

Әмір ШАЯХМЕТ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен негізі С1 категориясына тапсырам деп келгем. Бірақ мында С1 категориясы жоқ екен. Екі жетіден кейін дайын  болады дейді. Амал жоқ сол екі жеті күтем.


Әмір секілді тағы қырықтан астам адам арнайы көлік тізгіндейтін күнді аңсап жүр. Көбісі тест тапсырып қойған. Орталық басшылығы мәселенің бар екенін мойындайды. Шешу жолын да тапқан сыңайлы.

Абылайхан СҮЙІНБЕКОВ, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында С1 категориялық көлік құралы баланста жоқ. Сол себепті аталмыш көлік құралын алу мемлекеттік сатып алу процедурасы арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда мердігер анықталып, кезекті келісім шарттар жолданды.

Орталық мамандары соңғы кездері «С1» категориясын алғысы келетін адамдар саны көбейді деп отыр. Ал оған емтихан тапсыру үшін кемінде тағы екі апта күту керек. Арнайы жабдықталған көлік автодромға маусым айының ортасынан бастап шығады.

З. Санай