Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан коронавирусқа қарсы шетелдік вакцинадан бас тартты

AstanaTV
04.06.2021ж. 20:00
2039
Қазақстан коронавирусқа қарсы шетелдік  вакцинадан бас тартты

Қазақстан коронавирусқа қарсы шетелдік "AstraZeneca" вакцинасынан бас тартты. Қос ел арасындағы екпені сатып алуға қатысты  келіссөздер де тоқтатылды. Бұл туралы "СК-Фармацияның" төрағасы Ерхат Есқалиев айтты.  Ұлыбритания препаратын қолдануға   тағы  4 елде  қатаң тыйым салынған. Ал, осы екпені таңдаған 12 мемлекет оны  осал топтарға салмауға шешім қабылдапты. Бұған не себеп? Әріптесім Асылбек Данияр айтып берсін.

Екпе адамды қорғаудың орнына қор қылып өлтіреді.  Ұлыбританияның "AstraZeneca" компаниясы әзірлеген  вакцина қолданысқа енгізілгелі бірде-бір жағымды пікір болмады. Тіпті, екпенің  адам ағзасында тромбтардың түзілуіне әсер ететіні туралы әңгіме айтылды. Содан болар басына бұлт үйірілген өндірушілер екпенің атауын "Vaxzevria" деп өзгертті. Бірақ қайғылы жағдайлар көбейіп, жанжал  тіпті өршіді.  Оны сатып алмақшы болған  Қазақстан үкіметінің де  ойы  бүгін өзгерді.

Ерхат ЕСҚАЛИЕВ,"СК-ФАРМАЦИЯ" ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Барлығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр, "AstraZeneca" бойынша келіссөздер тоқтатылды. Келіссөздердің тоқтауының басты себебі – вакцинаның айналасында негативтің көп болуы. Pfizer бойынша келіссөздер жүріп жатыр, бірақ жеткізу кестесі жоқ, сонымен қатар белгілі бір талаптар қойылып жатыр.

AstraZeneca-ға сенбейтіндер көбейген соң Pfizer вакцинасына сұраныс едәуір артыпты. Ал енді елдегі жағдайға тоқталайық.  2 миллион 200 мыңға тарта қазақстандық екпенің 1 компонентін алған. Миллионнан астам адам толық иммундалды. Министрліктің мәліметінше, қазір елде вакцина қоры жетерлік. Отандық "QazCovid-in", ресейлік "Sputnik V" және қытайлық ғалымдар жасаған "HayatVax" пен "CoronaVac" препараттары қол жетімді.

Ерхат ЕСҚАЛИЕВ, "СК-ФАРМАЦИЯ" ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

«Sputnik V» 10 миллион 280 мың доза көлемінде сатып алынды, оның ішінде бірінші компоненттің 1,9 миллион дозасы және екінші компоненттің 1,4 миллион дозасы ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап жөнелтілді. 1 маусымда бірінші компоненттің 1,2 миллион дозасын, екінші компоненттің 525 мың дозасын жөнелту аяқталады.


Эпид жағдай   күннен-күнге тұрақталып келеді. Ахуалды бағалау матрицасының "қызыл" аймағында   Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы ғана қалды.  Сондай-ақ індеттің таралу қаупі "орташа" белдеуде 7 облыс, ал қалған өңірлер "жасыл" аймақта. Айта кетейіқ, аурушаңдың деңгейі әлде де бәсеңдесе Қазақстан бірер күнде әлемдегі қауіпсіз елдер қатарына енуі бек мүмкін.

А. Данияр