Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматы-Қорғас тас жолында қос жолаушы көлік ішінде тірідей жанып кетті

AstanaTV
04.06.2021ж. 20:00
3154
Алматы-Қорғас тас жолында қос жолаушы  көлік ішінде тірідей жанып кетті

Алматы-Қорғас тас жолында көлік өртеніп, екі жолаушы тірідей жанып кетті. Жантүршігерлік оқиғаны көрген куәгерлер олардың әйел екенін айтады.

Қайғылы  оқиға  Еңбекшіқазақ ауданының маңында болған. Төтенше жағдай саласының мамандары   лапылдап жанып жатқан  көліктен адамдарды аман алып шығу  мүмкін болмады дейді. Өйткені тас жолға жақын деген өрт сөндіру бекетінің өзі 45 шақырым қашықта болған.  Қазір мамандар өрттің қалай және неден тұтанғанын анықтап жатыр.  

Азамат ЖҰРТБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жанған жерден өрт сөндіру бөліміне дейін 45 шақырымды құрады ара-қашықтық. Өрттің себебін анықтау мақсатында Алматы облысы ТЖД Өрт сынақ зертханасы жұмылдырылды. Оқиғаның мән-жайын тиісті органдар да анықтауда.


Ә. Лесбек