$516.16 €584.86 ₽6.25
×

Қарағанды облысында көгершіннің жұмыртқасындай бұршақ жауды

AstanaTV
04.06.2021ж. 18:44
884
Қарағанды облысында көгершіннің жұмыртқасындай бұршақ жауды

Қарағанды облысында көгершіннің жұмыртқасындай бұршақ жауды. Оны телефондарына түсіріп алған тұрғандар әлеуметтік желіде жариялады. Аппақ жұмыртқадай бұршақтар   анық көрініп жатыр. Оны жариялаған тұрғынның жазуынша, бұл Шет ауданында болған. Қысқа мерзімді құбылыстан жапа шеккендер жоқ. Дегенмен бүгін аймақта күн райы күрт бұзылып, көп жерлерде жаңбыр жауды. Синоптиктердің болжауынша еліміздің бірқатар өңірлерінде күн 2 градусқа дейін суытып, бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

А. Қуаш