"Қазатомөндіріс" ұлттық атом компаниясына жаңа басшы тағайындалды. Бұрынғы жетекшінің креслосына
бұған дейін Ұлттық банк жетекшісінің орынбасары болған Ғалымжан Пірматов
жайғасты. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Ал бұрынғы басшы
Асқар Жұмағалиевтің лауазымы жоғарылап, вице-премьер лауазымына тағайындалған
болатын.