Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Бизнес саласындағы тексерулер 30 пайызға азайып, мемлекеттік тексеру органының қызметкерлері қысқармақ

AstanaTV
31.08.2017ж. 20:00
1668
Бизнес саласындағы тексерулер 30 пайызға азайып, мемлекеттік тексеру органының қызметкерлері қысқармақ

Бизнес саласындағы тексерулер азайтылмақ. Ол үшін Ұлттық экономика министрлігі заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл кезде 1200-ге жуық қызметкер жұмыстан қысқартылуы мүмкін. Үкіметте өткен баспасөз жиынында Ұлттық экономика министрі осылай деді. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Біз шамамен 1100-1200 мемлекеттік қызметкер санын қысқартуды ұсынып отырмыз. Себебі тексеріс жүргізетін саланың жұмысы тоқтайды. Дегенмен, бірден атап өткен жөн - олар далада қалмайды. Олар басқа департаменттерге ауысып, сараптамалық немесе қызмет көрсететін бөлімдерге ауыстырылады. Кей департамент жұмысы толық тоқтатылуы мүмкін.

Министрлік бизнес үшін ең тиімді облыстар рейтингін жасамақ. Жұмыс биыл басталады. Оған 8 мыңға жуық респондент қатысады деп жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, оған тек облыс орталықтары емес, ірі және шағын 55 қала да қатысады.