Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогін Жамбыл облысының жастары жеңіп алды

AstanaTV
07.06.2021ж. 20:00
1657
«Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогін Жамбыл облысының жастары жеңіп алды

Алматыда «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған турнир өз мәресіне жетті. Биыл 19-шы рет ұйымдастырылған пікірсайыс Тәуелсіздіктің 30-жылдығына арналды. Турнирге еліміздің барлық аймақтарынан 40-қа жуық команда келген.  Жастар  «Әлемнің онлайн форматқа толық көшуі», «Қазақстандықтарды вакцинациялау» тақырыптарын зерттеп, осы орайдағы пікірлерін талқыға салды. Шешендік қабілеттерімен ерекше көзге түскен   Жамбыл облысынан келген пікірсайысшылар  ауыспалы кубокты иеленді.  

Нұржан ЖЕТПІСБАЕВ, «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Ең бір мықты, ең бір жүйрік деген командалар келіп отыр. "Нұр Отан" партиясының кубогіне арналған осы турнирде. Бұл талантты, дарынды жастарды қолдау. Әсіресе аймақтарда қолдау. Осы талантты жастардың ішінен аса бір өнер иелерін шығарып, оны дамытуға әрі қарай септігімізді тигізу.

Ә. Лесбек