Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қостанайда түнгі төбелестен 3 адам жарақаттанды

AstanaTV
07.06.2021ж. 20:00
2476
Қостанайда түнгі төбелестен 3 адам жарақаттанды

Қостанайда түнгі клуб жанында атыс болды. Бірнеше адам жараланып, ауруханаға түскен. Мұны оқиға куәгерлері, әлеуметтік желіде жариялады. Полиция түнгі төбелес қаланың орталық бөлігінде болғанын растады. Бірақ "атыс болды" деген ақпаратты жоққа шығарып отыр. Шақырумен барған тәртіп сақшылары төбелесті тоқтатып, бұзақыларды ұстаған. Оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ерболат МЫРЗАТАЕВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 
Тергеу барысында жас жігіттердің бір бойжеткен үшін сөзге келгені анықталды. Оның соңы төбелеске ұласып, жанжалға қасындағы достары да қосылған. Ауруханаға жеткізілгендердің жарақатында атыстан зардап шеккен белгілер жоқ.

Ауруханаға түскен  жігіттің бірі иық, кеуде тұсынан, екіншісі жамбасынан пышақталған. Ал үшіншісінің жағы сынып, басына зақым келген. Дәрігерлер төбелестен зардап шеккендердің өміріне қауіп жоқ деп бағалайды.

Ксения ЖЫЛҚЫБАЕВА , ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Басынан зақым алған науқас тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатты. Қазіргі таңда  нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Үшеуінің де денсаулығы қалыпты. Ешқандай қауіп жоқ. Бөлімшелерде емделіп жатыр.


З. Санай