$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алаяқ әйел 23 адамды алдап, 15 млн теңге олжалаған

AstanaTV
07.06.2021ж. 20:00
1617
Алаяқ әйел 23 адамды алдап, 15 млн теңге олжалаған

Оралда алаяқ әйел "үй алып беремін" деп 23 адамды алдап соқты. Айласын асырған келіншек Орал ғана емес, Алматы мен Атырау қаласының тұрғындарын да тақырға отырғызыпты. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, күдіктінің қасында сыбайласы болған. Екеуі баспанаға мұқтаж жандарға өздерін риэелтор ретінде таныстырады. Арзан пәтер алуға көмектесемін деп оларды алдап-сулап ақша алып отырған. Күдікті   қамауға алынды. Қазір оның  басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Лунара АМАНҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

 
23 адамды алдаған күдіктінің әрекетінен келтірілген залал мөлшері  15 млн теңгеден асады. Оның тағы қанша адамды алдағаны анықталып жатыр. Қазіргі таңда ҚР ҚК 190 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары жүргізілуде.

Е. Карин