Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Шымкентте тағы да екпіні күшті жел тұрды

AstanaTV
07.06.2021ж. 20:00
2407
Шымкентте тағы да екпіні күшті жел тұрды

Шымкентте тағы да шаңды дауыл тұрып, елдің есін алды. Жексенбінің кешінде жылдамдығы секундына 28 метрге жеткен жел бірқатар нысан мен автокөлікке зақым келтірді. Қалада көпқабатты 8 үйдің шатыры ұшқан. Жекелеген төрт үйдің де жабыны екпіні күшті желге шыдас бермепті. Коммерциялық нысанның да төбесін жел көтерген. Қайсыбір үйлердің қасбеті жұлынған. Шаңды дауылдан көптеген мөлтек аудан сағаттап жарықсыз қалды. Мамандардың есебінше 585 шаршы метр шатыр бүлінген. 8 жеңіл автокөлік бүлінген.

Төтенше жағдай мамандары, Қазгидромет аймақта жылдамдығы секундына 15-20 метр болатын желді ескерткен деп отыр. Алайда желдің екпіні одан әлдеқайда асып түсті дейді. Бүгін өңірде желзақымдаған жерлерді қалпына келтіру жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Мадияр ЖАҚСЫБАЕВ, ШЫМКЕНТ қ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Шымкент қаласының төтенше жағдай департаментінің жалпы жеке құрамында алты арнайы техника шығып, 25 жеке құрам жұмылдырылды.

А. Төребекқызы