Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматыда балаларды оңалту орталығының экс-директорына сот үкім шығарды

AstanaTV
07.06.2021ж. 20:00
1304
Алматыда балаларды оңалту орталығының экс-директорына сот үкім шығарды

Алматыда балаларды оңалту орталығының бұрынғы басшысына сот үкімі шықты. Экс- директорға бір жыл бас бостандығынан шектеу   жазасы тағайындалды. «Балбұлақ» балаларды оңалту мекемесінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс былтыр басталған болатын. Экс-директор қол астындағы есепшілеріне жалпы сомасы 939 000 теңгені құрайтын сыйақыны жинап, өзіне беруді тапсырған. Қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған лауазымды тұлғаның бұл әрекетін құқық қорғаушылар әшкерелеген.

Абай ЖАРЫЛҚАСЫН, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Сот жазаны тағайындау кезінде сотталушының іс бойынша 939 мың теңге көлеміндегі материалдық залалды толықтай өтегенін ескерді. Осыған байланысты сот аталмыш тұлғаға мемлекеттік қызметте жұмыс атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу туралы жаза тағайындады.

Ә. Лесбек