Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Құрылыс материалдарының бағасы шарықтап тұр

AstanaTV
08.06.2021ж. 20:00
3110
Құрылыс материалдарының бағасы шарықтап тұр

Елде құрылыс материалдарының бағасы  шарықтап тұр. Әсіресе,   құрылысқа ең қажетті– цемент, арматура, кірпіштің  бағасы күрт өскен. Бағаның жыл сайын емес, күн сайын өсіп жатқанына не себеп? Жауаптылар не дейді? Нарықтағы тұрақсыздықты тілшіміз Бекболат Сатуов саралады.

Құрылыс материалдарының құны соңғы айларда   20-30 пайызға дейін көтерілген. Құрылысшылар дабыл қағып отыр. Қажетті жабдықтар қымбаттаса, ол сөз жоқ құрылыс құнына әсер етеді.
   
Бекзат САМАТҰЛЫ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Кірпіш, темір өнімдері айтып кететін болсақ, ішкі жұмыстарға арналған құрғақ өнімдер, осы қазір бізге өте көрсеткіштері көтеріліп кетті қазір.+Әрине, соңғы яғни өнімнің бағасын тұрақтандырушы соның арасындағы яғни шығындар.Өнімнің, құрылыс мекемені жұмысшыларының көрсеткіші, соның бәрінің қосындысын қосқан кезде, соңғы көрсеткіштің бағасы соған тәуелді болады.

Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ:

Базарға келсеңіз, бағаны бағамдау қиын емес. Мәселен мынау мен көрсетіп тұрған  цемент қаптары осыдан екі-үш апта алдын ғана  мың жарым мың теңгеден әрқайсысы сатылса, бүгінде бұның құны екі мың екі жүз теңгеге көтерілген.

Бағаның бұлайша құбылуына халық наразы. Жазда қимылдап, тірлік істейін  десе, қысқа жіп күрмеуге келер емес.

БЛИЦ:

-Материалдың бағасының бәрі қымбат болып тұрғой қазір. Қымбат негізі бұрынғы баға жоқ қой қазір енді
-Баға өте өскен. Барлық нәрсенің бағасы өсіп жатырғой. Әңгіменің тоқ етерін айтқан кезде халықтың жағдайын ойлап отырған ешкім жоқ.

Ал сатушылар баға біздің ырқымызға бағынбайды,өнім құнын өндірушілер өсіріп отыр дейді.

Ермек ШЕРМАТОВ, САТУШЫ:

Клиенттердің көбісі жалоб жасап жатыр енді, тауар қымбаттады деп. Заттардың бәрі қымбаттап кеткен.Ар жақтан қымбаттатып отыр ғой енді. Бізде сатып аламыз.Бізге де фирмалардан әкеп береді.

Исламбек ТОЙШЫБАЙ, САТУШЫ:


Базарда баға көтеріліп жатқан себебі, бізде де фирмалардан солай келіп жатыр.Енді біздің өзіміздің түсіргеніміз бар, анау-мынауымен 50 теңге , 1000 теңге қойып сатып жатырмыз.


Құзырлы орган өкілдері бағаның көтерілуіне   сұраныстың шектен тыс артуы негіз болып отырғанын айтады. Өйткені  елімізде  құрылыс қарқыны өткен жылмен салыстырғанда биыл  едәуір артқан.  Және әр материалдың  қымбаттауының   өзіндік себебі бар.   Мысалы, бізде қазір 15 цемент зауыты бар, соның 12-сі жұмыс істеп тұр. Олар өнім бағасын 10-12 пайызға өсіруге мәжбүр болып отыр, дейді кәсіпкерлік палата басшылығы.

Арман МАМБЕТАЕВ, «АТАМЕКЕН» ҰКП БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Электр энергиясының өсуі 30 пайызға өсті дейді.Яғни біз оған тәуелдіміз.Темір жолмен тасымалдайды цементті. Вагонды аренда жасайды.Оның бағасы 13-16 пайызға өсіп кетті.Одан бөлек қапшық.Қағаздан жасалған. Оның өзінің бағасы 16 пайзға өсіп кетті дейді.

Бағаның қашан тұрақтайтыны белгісіз. Ешкім айта алмайды. Бірақ мамандар, егер отандық өнім құны шарықтай берсе,    өзге елдің өнімі ентелеп,  нарықты жаулайды дейді. Онда баға тіпті аспандауы мүмкін.

Б. Сатуов