Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Нөсер жаңбырдан кейін жол опырылып жатыр

AstanaTV
08.06.2021ж. 20:00
2211
Нөсер жаңбырдан кейін  жол опырылып жатыр

Орал тұрғындары өткен аптадағы нөсер жаңбырдан кейін әлі ес жия алар емес. Жаңбыр суына лық толған қалалық кәріз жүйесі істен шығып, орталық көшелердің жолы бірінен-соң бірі опырылып жатыр.  Көшедегі ойыққа тіпті көлік түсіп кеткен. Абырой болғанда, ешкім зардап  шеккен жоқ.Өңірден-Еркін Карин.

Нөсер жаңбыр  жол  сапасының сын көтермейтінін көрсетті, дейді  қоғам белсендісі Азамат Мусилов. Оның айтуынша, шаһардағы жол құрылысы мұлдем талапқа сай келмейді. Мысалы, жаңадан салынған жолдың астыңғы қабаты тығыздалмайды. Соның кесірінен жаңбыр суы топыраққа сіңіп, асты қуыс боп қалған асфальт опырылып жатыр.

Азамат МУСИЛОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ:

Оралдың көше-көше, тротуар-тротуар немесе үйлерімен бірге жайлап-жайлап жердің астына жіберуіміз мүмкін. Бұл қауіпті нәрсе. Алайда бүгінгі күні оған дабыл қағып отырған бірде бір шекпенді жоқ өкінішке орай. Жеңін түріп жүгірген бірде бір шекпенді көрмедім. Бәрінің айтысы, иә, жұмыс істеп жатырмыз дейді, бәрінің айтысы – бәрі дипломды мамандар, бірақ қиналып отырған – тұрғындар.


Қаладағы орталық көшелердің қазіргі сиқы осы. Аяқ астынан жол опырылып,   көлік қирап қалды. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. Төтеншеліктердің айтуынша,  қала ішіндегі бес көше  осылай бүлінген. Ал жергілікті әкімдік өкілдері бірер күнде бәрін реттейміз, деп сендірді.

Данияр ОСПАН, ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:


Бәрі жаппай қосылды 12 сағат ішінде. Түнде кейбір жерлер сусыз қалған  болатын. Олар да таңғы алтыға дейін қосылды барлығы да. Жертөлелерді су басты. Олардың бәрі бойынша график кестесі жасалды. Сол кесте бойынша қазір мамандар жұмыс атқаруда.


Жертөлесі   суға толған көпқабатты үй тұрғындарының да тынышы кеткен. Қала сыртындағы кәріз коллекторы да толып тұр.  Экологтар лас су жайылған аумақтың топырағынан сынама алып, табиғатқа қандай зиян келгенін анықтап жатыр.  

АРМАН КЕНЖЕБАЕВ, «БАТЫС СУ АРНАСЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Негізінен жаңбыр суын тарту   біздің мекеменің құзыретіне кірмейді. Бұл аумақтағы кәріз желілері жаңбыр суына толып, шайынды су сыртқа тасып аққан.  Қазір апат орнында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Синоптиктердің болжауынша,өңірде  әлі бірнеше күн жаңбыр жауады. Ал қоғам белсенділері  нөсер жауын  жолды тағы зақымдап, зиянды еселейді деп алаңдап отыр.

Е. Карин