Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Пандемия кезінде отбасылық жанжал жиілеген

AstanaTV
09.06.2021ж. 20:00
1258
Пандемия кезінде отбасылық жанжал жиілеген

Елордада пандемия кезінде отбасылық жанжал мен   ішімдік ішіп, тәртіп бұзатындар көбейген.  Қалалық полиция департаментінің дерегінше, жыл басынан бері үш жарым мыңнан астам отбасында тұрмыстық жанжал болған. Қоғам дертіне айналған бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайды дейді мамандар. Сондықтан   Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жыл сайын «зорлық-зомбылықсыз үй» атты республикалық жедел профилактикалық іс-шарасын өткізеді. Акция биыл да ұйымдастырылды, еріктілер тартылды, автошеру болды.

Гүлмира ШРАХМЕТОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ ПД ӘЙЕЛДЕРДІ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТАН ҚОРҒАУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Жедел профилактикалық іс-шараның барысында локалды-рейдтік іс-шаралар одан қатар әлеуметтік-бюро,халыққа түсіндіру жұмыстары соның ішінде флешши государство,шаговой доступность соның барлығын жүзеге асыру мақсатында көп шоғырланған орындарда  әлеуметтік бюролар өткіземіз.