Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Алматыда жүк көлігі 55 жастағы әйелді қағып кетті

AstanaTV
10.06.2021ж. 20:00
1723
Алматыда жүк көлігі 55 жастағы әйелді қағып кетті

Алматыда жүк көлігі 55 жастағы әйелді қағып кетті.  Әйел аурухананың жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Жол көлік оқиғасы Гагарин мен Левитан көшелерінің қиылысында болған.   Жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан әйелді жүк көлігі   басып өтеді. Алдын-ала тергеу кезінде, жүргізуші келіншекті байқамай қалғанын айтқан. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Іс материалдары қазіргі таңда қалалық Департаментінің анықтау басқармасының өндірісіне түсті. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ә. Лесбек