Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Оралда жол апатынан полицей көз жұмды

AstanaTV
10.06.2021ж. 20:00
2111
Оралда жол апатынан полицей көз жұмды

Оралда жол апатынан полицей көз жұмды. Қайғылы оқиға Орал-Ақсай тас жолында болған. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Ваз-2110 автокөлігінің жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай, аударылып қалған. Ауыр жарақат алған патрульдік полиция батальонының қызметкері ауруханада қайтыс болды.  Қазір бұл оқиғаға қатысты   сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мөлдір САДЫРҒАЛИЕВА, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫ:

Жүргізушінің жанында екі жолаушы болатын. Оларға зақым келмеген. Полиция аға сержанты ішкі істер органдарында 2017 жылдан бері қызмет еткен болатын. Оның артында 2 баласы қалды.  

Е. Карин