Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстанда мыңнан астам отбасына азық-түлік себеті үлестірілді

AstanaTV
10.06.2021ж. 20:00
1435
Қазақстанда мыңнан астам отбасына азық-түлік себеті үлестірілді

Елде мыңнан астам отбасына азық-түлік себеті үлестірілді. «Үммет» халықаралық қайырымдылық қоры мен «Nur Otan» партиясы ұйымдастырған шараға көп балалы және аз қамтылған отбасылары қамтылды.   Партия өкілдерінің айтуынша, халықаралық қор әлем бойынша 100 миллионнан астам отбасына  көмек қолын созбақ. Қазірдің өзінде 200 мыңнан астам азық-түлік себеті үлестірілген. Мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасады, дейді.

Шыңғысхан ҚОЖАХМЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ «БІРЛІК» ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Партия қашан да халықтың мұң-мұқтажына назар аударады. Түрлі азаматтар біздерге өздерінің өтініштерімен жүгінеді. Сондықтан біз де осындай игі шараны бірге жүзеге асыру үшін ұсыныс тастадық. Екі жақтың да ойы бір арнаға тоғысты.

Ғ.Өтемісов