$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Павлодарда алимент төлеуден жалтарған әке Ресейге қашып кеткен

AstanaTV
11.06.2021ж. 20:00
2485
Павлодарда алимент төлеуден жалтарған әке Ресейге қашып кеткен

Павлодарда алимент төлеуден жалтарған  азамат Ресейге қашып кеткен. Бірақ ол Успен ауданына қарасты шалғай ауылдардың бірінде мал бағып жүрген жерінен ұсталды. 7 жыл өткен соң елге қайта оралған ол өз міндетінен құтылдым - деп ойласа керек. Полицейлер шалғайдағы қыстақтарды тексеру барысында алимент төлеуден қашып жүрген 12 борышкерді анықтаған. Ал іздеуде жүрген екі борышкердің бірі Ресейде жүргені белгілі болса, енді бірі Қарағанды облысын паналапты. Борышкерлер ісі сот орындаушыларға тапсырылды. Ал 5 жастағы ұлына қасақана алимент төлемеген  37 жастағы келіншек бір жылға  бас бостандығынан шектелді.  Ол балалар үйінде тұратын ұлына сот шешімімен ай сайын жалақасының төрттен бір бөлігін аударуға міндеттелген. Бірақ, келіншек бұл міндетін өз еркімен орындаудан бас тартқан.  Биыл сот шешімін орындамаған 67 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазбек АХМЕТОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ КӨШІ-ҚОН БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Жедел профилактикалық іс-шара кезінде 84 борышкер іздеуде жүрген анықталды. Олардың біреуі Май ауданы бойынша 48 жастағы Қазақстан азаматы, малшы болып жұмыс істеп жүрді. Екіншісі, 2014 жылдан бері алимент төлемегені үшін іздеуде жүрген 43 жастағы азамат. Ол да мал бағу үстінде ұсталды.

Ө. Қуанар