Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Оралда төтенше жағдай жарияланды

AstanaTV
11.06.2021ж. 20:00
2000
Оралда төтенше жағдай жарияланды

Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды. Қаладағы мектептер мен мекемелер жаппай жабылады деген суыт хабарды естіп, жұрт дүрлікті. Бірақ дүрлігуге негіз жоқ дейді құзырлы орын өкілдері. Айтуынша, қалалық зират аумағынан контейнерге салынған сынап табылған. Улы металдың салмағы бір келіге жуықтайды.  Төтенше жағдайларды бақылау департаменті жедел іске кіріскен. Олар сынап табылған жерді химиялық өңдеуден өткізді. Кейін сынаптың ауаға таралу деңгейін өлшеген. Қазір мамандар жағдайдың қалыпты екендігін айтады.

Әділбек ҚАДЫРОВ, ОРАЛ ҚАЛАСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Қазір қала халқының денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Экология департаментінің қызметкерлері табылған улы затты зертханаға арнайы ыдыспен жеткізді. Осыдан кейін қалада төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды. Бірақ алаңдауға   себеп жоқ. Өйткені сынапты жою, залалсыздандыруға қаржы бөлінеді. Сондықтан төтенше жағдайдың жариялануы әдеттегі қалыпты процедура.

Е. Карин