Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Австралияда қар жауып жатыр

Австралияда қар жауып жатыр

Австралия қалың қарға оранды. Оңтүстік Шығыста мұндай қолайсыз ауа-райы бұрын-соңды болмаған. Әдетте қатты ыстықтың салдарынан жиі өрт болып жататын Сиднейде соңғы 37 жылда бірінші рет термометр көрсеткіші минус 10 градусты көрсетті. Синоптиктердің айтуынша, антарктикалық циклон қалың қардың түсуіне себеп болған.  Түні бойы жауған қар   көшелерді   басып қалды. Кейбір аудандарда   қар еріп, су алып жатыр.  Салдарынан бір адам қайтыс болған. Ал Виктория штатында полицейлер тасқын суға толған көліктен адам денесін тапқан. Енді билік 26 мың тұрғынды эвакуациялауға мәжбүр болып отыр.

Б. Сатуов