Атырауда шақалақты тоңазытқышқа салып, өлтірді деп сотталғандардың аппелияциялық шағымы бойынша сот басталды. Бұған дейін сотталғандар мен олардың адвокаттары істің басқа аймақта қаралуын деп талап еткен еді. Бірақ жоғары инстанция мұны қанағаттандырмады.
Сот процесі өтіп жатыр деген аты ғана. Онлайн форматтағы сот отырысы таңертең байланыстың нашарлығынан екі сағатқа кешігіп басталып, кейін мүлдем түстен кейінге шегерілді. Түс ауғанмен, байланыс жақсарған жоқ. Сот қатысушылары бір-бірін естімей әбден әуре сарсаңға түсті. Байланыс та бірнеше рет үзілді. Бұдан мезі болған адвокаттар адам тағдыры шешілетін мұндай күрделі істі сот залында қарауды ұсынды.
Нұрлан ЖОЛБОЛОВ, АДВОКАТ:
Жыл жарымнан бері онлайн режимде жұмыс істеп келеміз. Бірақ соттағы жаңа технология сын көтермейді. Басқа аймақты білмеймін, бірақ Атырауда солай. Еш өзгеріс жоқ. Қазір біздің қорғауымыздағы адамдар басқа жерде отыр. Біз оларды көрмейміз, біз олардың нені қалайтынын білмейміз, қандай да бір талап арызға олардың реакциясын да сезінбейміз. Қазір адвокаттар әр жерде, осылайша қорғау құқымыз бұзылып отыр. Оның үстіне аса ауыр қылмыс қаралып жатыр. Біз аппеляциялық сотқа көп нәрсені дәлелдегіміз келеді. Бізге контакт керек.
Айта кетейік, ақ халаттыларға үкім қаңтар айында шықты. Периниталдық орталықтың бұрыңғы бас дәрігері -Қуаныш Нысанбаевқа 18, акушер-гинеколог Асқар Қайыржанға 16, босану бөлімшесінің акушері Жәмила Құлбатыроваға 15 жылға темір торға қамауға шешім шығарған еді. Сот барысында дәрігерлер бұл айыпты мойындаған жоқ.
Б. Надірқызы