Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Шетелден турист тартқандарға субсидия төленеді

AstanaTV
14.06.2021ж. 20:00
1751
Шетелден турист тартқандарға субсидия төленеді

Туристік операторларға әрбір шетелдік қонақ үшін 15 мың теңге субсидия төленеді. Ол үшін  өзге елден келген азамат  осында кемінде 5 күн демалуы керек. Егер туроператор 1 мың шетелдік турист тартатын болса, мемлекеттен 15 миллион теңге алады.  Бұл қаражатқа олардың елімізге турист тарту жөнінде келісім жасасу үшін халықаралық көрмелер ұйымдастыруға, өздері басқа көрмелерге қатысуға пайдалануына мүмкіндігі бар.

Дастан РЫСПЕКОВ, ҚР МСМ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің туроператорлардың жұмысы көп жағдайда сыртқы туризмге, яғни шетелдерге саяхаттауға бағытталған. Енді ішкі туризмді қарқындату үшін туроператорларды шабыттандыру қажет. Сондықтан, халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әр шетелдік турист үшін 15 мың теңге субсидия беріледі.  Олар мемлекет субсидиясын алады әрі туристерден  пайда табатын болады.

Сондай-ақ биыл 2-14 жас аралығындағы баласы бар отбасы қазақстандық курорттарға туристік операторлар арқылы билет сатып алса, балаларға билет тегін болады. Бірақ ол отбасы ұшып келген жерде   4 түн, 5 күннен кем болмауы керек.   Қазақтуризм мамандарының есебінше, осының негізінде   жанұяның жолдама алуға кететін қаражаты біршама үнемделмек.   

Ержан ЕРКІНБАЕВ, «KAZAKH TOURISM» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Казахтуризм «КидсГоуФри» бағдарламасының администраторы болады. Бұл балалардың демалысқа ұшуына арналған субсидия. Бұл шара арнайы отбасылық демалысты көбейту үшін ұйымдастырылып отыр. Бұл да туроператорлар арқылы жүзеге асырылады. Жасы 2-ден 14 жасқа дейінгі балалары бар отбасылар туроператорлар арқылы жолдама сатып алуы керек. Бірақ, онда балалардың билеті есептелмейді.
 

Л. Қуанышқызы