Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Шымкенттегі бір мектепте екі директор бар

Шымкенттегі бір мектепте екі директор бар

Бір мектепте екі директор бар. Шымкенттегі білім ордасында ұл-қызы оқытып отырғандар, нақты кімнің директор екенін ажырата алмай қалдық деп отыр. Арнамызға арыз айтқандардың айтуынша, мектептің заңды басшысы бар. Бірақ былтыр өз еркімен жұмыстан кеткен экс –директор сот арқылы қызметіне қайта кірісіпті. Бұрынғы басшының қайта оралғанына ата-аналар ғана емес, мұғалімдерде қарсы көрінеді.

Білім басқармасының алдына жиналып, үзілді-кесілді талап қойып тұрған бұл топ – № 125 ші мектептің ата-аналары мен мұғалімдері. Олар бұрынғы басшысының орнына қайта жайғасқанына түбегейлі қарсы.

Меруерт ҚАЙЫРОВА, № 125 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ:

Мектепте сыбайлас жемқорлық белең алғаннан кейін ол кісі елдің арыздары мен мектептегі мұғалімдердің арыздарымен шеттетілді ғой. Тергеу жүріп жатыр, әлі біткен жоқ. +Қайтадан мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа жол беріле ме деп қорқамыз.

Ұжымның білуінше, экс-директор былтырғы қарашада өз өтінішімен жұмыстан кеткен. Алайда енді сот арқылы келдім деуі қисынсыз деп шуласты. Тіпті келе сала айлығымызды тоқтатып тастады деп отыр.

Күміскүл АМАНТАЕВА, № 125 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ЖҰМЫСШЫСЫ:

Кеше келген кезде бізді бәрімізді техничканың бәрін жинап алып «мен деді, айлықтарыңызды 1-не дейін жіберемін деді. Кетіп жатқан айлықты тоқтатқан. Мысалыға мен қазір айлық уже алатын уақытымыз болды да, айлықты әлі алған жоқпыз әлі.

Соңғы уақытта орта мектептен тағы да тыныштық қашқан. Қайсыбір ата-аналар баласын өзге мектепте ауыстырып үлгерген.

Құралбек ӘБІЛДЕВ, АТА –АНА:

Бір қызым өткен жылы бітірді. Қызым 5-пен бітірді бәрін. Бітер кезінде қызыл диплом алу керек, менен 100 мың сұрады. 100 мың сұрады. Кейін мейлі по свойский деп 50 мың беріңдер деді. Я не желаю бұл директордың қолында үш қызымның оқығанын қаламаймын.  

   
Айжан ИЗАТУЛЛАЕВА, АТА-АНА:

Мен өз құлағыммен есіткем, әшейін уборщицаның өзінен 150 мың теңге сұраған. И то маған ұнасаң істейсің. Маған ұнамасаң бір теуіп қуамын,- дейді.

Ал сот қаулысымен қайта орнына тағайындалған басшы болса, өзіне шаң жуытпады. Ол мұның бәрі өзіне жабылған жала деп отыр.  

Әсет САТЫБАЛДИЕВ, №125 ЖАЛПЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:


Оның бәрін құзырлы орындар тексерді. Бәрін қарады. Оның барлығын егер мен сондай бір нәрселер істеп жататын болсам құзырлы орындардың бәрі тексеріп мені осы уақытқа дейін жазасын шығарар еді. Менің жасыратын ештеңем жоқ. Істелінсе барлығы мектеп үшін.

Айтпақшы, өз орнына ақпан айынан бастап конкурстық негізде директор болған бұрынғы орынбасары жұмыстан шығарылмайтынын айтты. Ол қазір денсаулығына байланысты еңбек демалысында екен. Ал білім басқармасының басшысы қазіргі директор сот қаулысына сәйкес автоматты түрде директорлықтан босап қалады деп түсіндірді. Бірақ шаһардың бас педагогының өзі экс-директордың жұмыста қалғанын қалап отырмағанын жасырмады.   

Жанат ТӘЖИЕВА, ШЫМКЕНТ қ. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

 
Мен соттың қаулысын орындауға міндеттімін. Соттың қаулысына ол бұрынғы бұйрығы жойылғаннан кейін ол автоматты түрде сол мектептің директоры болып табылады. Енді, сол күні 9-ы күні болса мен 10-ы күнмен жоғарғы сотқа кассациялық шешім бердім.


Қош, сонымен аталған мектепте кімнің директор болып қалмағын жоғарғы сот шешеді. Бірақ бас ұстаздың бұл жауабына да қанағаттанбаған қайнарбұлақтық бір топ ата-ана, енді білім министрлігіне хат жазамыз деп тарасты.  

А. Төребекқызы