Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Елордада «Demalys Promenade» демалыс орны ашылды

AstanaTV
14.06.2021ж. 20:00
3047
Елордада «Demalys Promenade» демалыс орны ашылды

Елордада жаяу жүргіншілерге арналған демалыс орны ашылды. «Demalys Promenade» деп аталатын көше қала жұртшылығы үшін ойын-сауық мекеніне айналмақ. Мұнда шығармашылық қойылымдар, би жарыстары, спорттық шеберлік сыныптары, тақырыптық фестивальдар өткізіледі.  Сонымен қатар, жаз бойы «ORDA FM» радиосы Demalys Promenade-тан тікелей эфирде хабар таратады.

Елнар БАЗЫКЕН, НҰР-СҰЛТАН қ. УРБАНИСТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Demalys Promenade «Театральный» жаяу бульвары мен қала жағалауының арасын қосады, мұнда да абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жағалауда бақылау алаңы, сондай-ақ, әткеншектер және түрлі  архитектуралық бейнелер   болады. Биыл 150 аула мен 40 қоғамдық кеңістікті саламыз.  

Ғ.Өтемісов