Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Astana LRT ісі бойынша сотталғандардың адвокаттары сот үкімін заңсыз деп санайды

AstanaTV
15.06.2021ж. 20:00
2310
Astana LRT ісі бойынша сотталғандардың адвокаттары сот үкімін заңсыз деп санайды

Astana LRT ісі бойынша сотталғандардың адвокаттары, сот үкімін заңсыз деп санайды. Іс бойынша үш айыпталушының қорғаушылары, бүгін баспасөз мәслихатын өткізді. Олар алты ай бойы сот барлық мәліметтерді толық анықтамағанына сенімді. Мемлекеттік айыптау бойынша сотталушылар бағаны негізсіз көтеріп, жалған жұмыс актілеріне қол қойған болатын. Адвокаттар бұған нақты дәлел келтірілген жоқ дейді. Олардың қорғауындағылар, барлық жұмыс көлемін «үлкен» құрылыс басталғанға дейін аяқтаған деп отыр.

Жазира ЖАНШУАҚОВА, У.АЧИЛОВТЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:

Жобалық-сметалық құжаттама жасалды, құрылыс құны бойынша есептеулер жасалды. Қазан айында құрылыс құны өте жоғары деп есептелді, сондықтан бұл жобаны тоқтата тұрамыз және келісімшартты бұзамыз деп шешкен. Әрі қарай, 2015-2016 жылдары қандай құрылыс болғаны, жобалық-сметалық құжаттама пайдаланылды ма, жоқ па? Бізге белгісіз.

Хамида АЙТҚАЛИЕВА, Д.ӘБДІХАМИТОВТЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:

Бұл қылмыстық іс бағандарға қатысты қоғамдағы ашу-ызаны басу үшін ғана қолға алынған. Кінәлілерді сұраса "міне" деп көрсету үшін. Бірақ адамдарға бәрі-бір. Олар тіпті түсінбейді де.

Адвокаттар аппеляциялық шағым түсірмекші. Олар серіктестігі үшін ғана сотталды, дейді. Кімге және қалай көмектескенін сот нақтыламады деп отыр.  Сонымен қатар бұл іске қатысы бар негізгі адамдар - «Астана LRT» компаниясының экс-басшысы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков халықаралық іздеуде. Демек, олардың кінәсі әлі дәлелденбеген. Адвокат Нұрлан Оразалин қаржы жымқырды деп айыптайтын ешкім жоқ, дейді.

Нұрлан ОРАЗАЛИН, Ж.НҰРПЕЙІСОВТЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ:

Айыптау қорытындысында ұйымдастырушылық рөлде - Ардан мен Сұлтанбеков. Бұл арада қорғаушы бұл мәселені бірнеше рет соттың алдына қойды. Олар жоқ және сотқа тартылмағандықтан, біздің клиенттеріміз Арданның немесе Сұлтанбековтың серіктестері деп қалай айтуға болады? Егер олардың кінәсі сот үкімімен анықталмаса.

А. Базарбай