Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Елде жыл басынан бері 224 нысанның жұмысы тоқтатылды

Елде жыл басынан бері 224 нысанның жұмысы тоқтатылды

Өндірістегі жазатайым оқиғалардан биыл 564 адам зардап шекті.  200-ден астам  кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды.    Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, 400-ден астам тексеру жүргізілген, нәтижесінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзудың 13 мыңға жуық фактісі анықталған. Оларға 40 миллион теңге айыппұл салынған. Жаза бар, бірақ жауапкершілік төмен. Неге? Қауіпті өндіріс ошақтарындағы жағдайды қалай реттеуге болады?  Ғалымжан Өтеміс тарқатады.

31 жастағы Рустам жұмыста жүріп жазым болды. Бір жыл бұрын оның үстіне жүк көлігінің борты құлаған.    350 келі темір конструктор жігіттің мойнын басып қалған.  Рустамның жетінші омыртқасы сынған, қазір мүмкіндігі шектеулі. Бірақ «Караганда ЭнергоРемонт» серіктестігінің басшылығы Рустамға материалдық, морольдық шығын төлемеу үшін, оны "тұрмыстық жарақат алдым" деп айтуға көндірмекші болады.  

Рустам НИГМАТОВ, 3-ТОП МҮГЕДЕГІ:

"Қарағанды ЭнергоРемонт" АҚ- ы әлі күнге дейін оны мойындамай отыр.  Олар осылай бізге деген қарым- қатынастарын көрсетіп отыр. Өздеріне табыс әкелетін, жұмыс үшін тырысатын адамдарды, тіпті сотты, Қазақстанның заңын да сыйламайды деген сөз.

Рустамның жұмыс берушінің кінәсінен жарымжан болғаны дәлелденді.  Сот "жұмыс орнында техникалық қауіпсіздік бақыланбаған, жұмысты дұрыс ұйымдастырмаған" деп шешім шығарды. Бірақ соған қарамастан компания кінәні әлі сезінбей отыр,-дейді Рустам.  Елімізде мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Адам түгілі сот тағайындаған жазаны пысқырмайтын зауыттар бар.   

Юрий ИЛЬИН, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ:

Талаптарды сақтамаған өндіріс ошақтарына 505 әкімшілік айыппұл салынды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын өрескен бұзғаны үшін 224 нысанның жұмысы тоқтатылды. Ережелерді бұзу деректері тым көбейіп кеткен.


Жауапсыздық па, жоқ әлде айыппұл көлемі аз ба? Үкімет басшысы қауіптілігі жоғары өндіріс орындарын қадағалау үшін кешенді шаралар  қажет дейді.  Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің 2025 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы қаулы қабылданды.

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Қостанай және Павлодар облыстарында өндірістік жарақаттану деңгейінің азаюы бойынша оң динамика байқалып отыр. «Басқа өңірлер осы бағыттағы жұмысты жандандыруы тиіс. Тау-кен металлургия кешендері мен құрылыс саласындағы кәсіпорындарда ерекше көңіл бөлу қажет.

Ресми статистикаға сүйенсек, еліміздегі жұмыс істеуге қабілетті азаматтардың 22 пайызы қауіпті өндіріс орындарында еңбек етеді. Әрбір екінші адам шу мен дірілдің, ал әрбір үшінші азамат жұмыс аймағында газдың ластануы мен шаңданудың жоғары жағдайында  жұмыс істеп жүр. Жылына 400-ден астам кәсіптік ауру тіркеледі. Алаңдатарлық жағдай. Сондықтан әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін заңнамаға да өзгерістер енгізу көзделуде.

Ғ.Өтемісов