Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Кәсіпкерлер тұрғын үйді басқару жүйесіне наразы

AstanaTV
15.06.2021ж. 20:00
1270
Кәсіпкерлер тұрғын үйді басқару жүйесіне наразы

Елордадағы көппәтерлі тұрғын үй кешенінде орналасқан коммерциялық нысандардың  иелері наразылық танытты. Олар пәтер иелері кооперативтері мен мен меншік иелерінің бірлестігі өз жұмыстарын дұрыс атқармай отыр дейді. Әсіресе, тұрғындармен бірлесіп өтейтін кондоминиум шарттарымен келіспейді. Олардың сөзінше, ПИК пен МИБ кәсіпкерлердің ісіне жиі араласып, маза бермейді. Ал, оның соңы көп жағдайда жанжалға ұласады. Кәсіпкерлер сондаай-ақ,  кешенге көрсетілетін қызмет пен мезгілсіз жөндеуге жиналатын ақшаның жиілегенін айтып шағымданды. Оның үстіне, тарифтер де қымбат.   Сондықтан, кәсіпкерлер коммерциялық кондоминиум институтын құруды ұсынып отыр. Ал кәсіпкерлер палатасының басшылығы кәсіпкерлердің арыз-шағымы жерде қалмайды, дейді.

Қуанышбек МҰҚАШ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бізге ПИК төрағасының үстінен арыз түсті. Сондықтан, мұны назардан тыс қалдырмаймыз. Біз кәсіпкерлердің мүддесін қорғаймыз. Бұл ұстаным мемлекет басшысының кәсіпкерлерді қорғау туралы тапсырмасына сәйкес келеді деп есептейміз. Сондықтан, осы саладағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар шараларымыз бар. Осы себепті, саладағы мәселелер оңды шешіледі деп сенеміз.

Л. Қуанышқызы