$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Балабақшадан орын алудың түрлі әдісі бар

AstanaTV
16.06.2021ж. 20:00
3409
Балабақшадан орын алудың түрлі әдісі бар

Елордада жанталас басталды. Мемлекеттік балабақшалардағы бос орындар жарияланғаннан кейін, оған үлгеріп қалуға тырысқан ата-аналар  жанығып жатыр.  Осыны тиімді пайдалануға тырысқан ИНДИГО-ның майын ішкендер ақылы қызмет ұсынып, табыс табуға кіріскен. Бірақ ол қаншалықты сенімді? Электронды сервис төңірегіндегі былықтар, ешқашан алға жылжымайтын кезек, қолға түспейтін жолдама туралы тілшіміз Ақбота Базарбай зерттеді.

Қала тұрғыны Айгүлдің 3 баласы бар. Жалғызбасты ана басқа табыс көзі болмағандықтан жұмыстан қол үзе алмайды. Сондықтан бүлдіршіндерін мектепке дейінгі тәрбие орнына беруге мәжбүр. Бірақ мемлекеттік балабақша кезегінің жылжитын түрі жоқ.

Айгүл, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біз деген жеке садикке барамыз. Мемлекеттіктен күтіп-күтіп сарғайдық, если честно. Потому что ұзағынан күттік.

Бұл Айгүлдің ғана проблемасы емес, елорданың 47 мыңнан астам кішкентай тұрғыны балабақша кезегін күтіп жүр.

БЛИЦ:

- Туа сала кезекке тұрдық. Бірақ кезегі келген жоқ. Сосын үйдің қасындағы частный садикке бардық.  Ал кезегіміз мектепке 2-классқа барғанда бірақ келді.  

- Біз кезектен шығып кеттік. Оны күткенше. Ұзақ күттік. Балам мектепке барды, кезегіміз ақыры келмеді.


Қазір инстаграм желісінде арнайы парақшалар бар. Балабақшаға орын алып берумен айналысады. Ақылы. Хабарласып көрдік.  Көңіліңіз қалаған тәрбие орнына жолдама алып береміз дейді. Жұрттың қолы жетпей жүрген жолдаманы сіз оп-оңай аласыз. Ал бұған білім басқармасындағылар не дейді?   

Олжас ҚАЙЫРДОСОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Айтқандай "Помогайкалар" ғой. Бірақ ол жағын сізге айта алмаймын. Өйткені құзыретім жоқ оған.

"Помогайкалардың" жұмысы қазір қызып тұр.  Өйткені, кезек азаймайды. Керісінше, келейін деп тұрған сәтінде мыңдаған орынға қайта кері жылжиды. Ал білім басқармасының мамандары,  кезектің азаймауына  елордаға көшіп келушілердің көптігімен байланыстырады.  Сондай-ақ әскерилер мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бақшаға қабылдауда жеңілдіктер қарастырылған. Соған орай, негізгі кезекте өзгерістер болады.
 
Олжас ҚАЙЫРДОСОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Қабылдау кезінде 24 392 баланы қамтуға жоспарлануда. Лготасыз, жеңілдіксіз тұрған балалар бірінші қатардағы кезексіз алатындар олар заңға сәйкес алады. 1ге 3 есеппен орын бөлінеді.

Қалада 94 мемлекеттік, 46 шағын орталық, 232 жекеменшік, 3 мекемелік балабақша бар.  Оларда осы жылы 2016 жылы туғандарға -3235, 2017 жылы туғандарға- 5616, 2018 жылы туғандарға -9372, 2019 жылы туғандарға- 6074 орын бар.   
 
Ақбота БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Демографиялық өсім артқан сайын кезек көбеймесе азаймайды. Мамандардың айтуынша, күніне шамамен 100-150 бала кезекке қойылады. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қазір мектеп жасына дейінгі балалардың 90 пайызы балабақшамен қамтылған. Бірақ оның тең жартысы жекеменшік бақшаға барады. 
 

А. Базарбай