$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жаппай төбелес болды

AstanaTV
16.06.2021ж. 20:00
3472
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында жаппай төбелес болды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында әскерден   келген екі сарбаздың арасында ерегіс туып, арты төбелеске ұласты.

Полиция департаментінің мәліметінше, екі жігіттің  көзі бір қызға түседі, содан  достарын жинап «мықтыны» анықтамақ болыпты. Оның соңы  жаппай қырғынға ұласып,  жастар бір-біріне тас лақтырып, төбелеседі. Бірақ ешкім зардап шекпеген, дәрігердің көмегіне жүгінбеген.  Қазір топтық төбелеске қатысқандардың жеке басы анықталып, «бұзақылық» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шамшидин АМИТОВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Тас шөкелеудің нәтижесінде бір автокөліктің, тұрақта тұрған әйнегі сынды. Сонынан кейін, жақын дүкенге тағы да зақым келді. Тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігімен іс қозғалды.


М. Тоқтасынқызы