Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт оқ атып, 5 адамды жаралады

AstanaTV
17.06.2021ж. 20:00
2208
Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт оқ атып, 5 адамды жаралады

Жамбыл облысында 22 жастағы жігіт 16-шы калибрлі қарумен 5 адамды жайратып салды. Оқиға Сарысу ауданы Саудакент ауылында болған. Полицейлердің айтуынша ауыл жастарының арасындағы ерегістің аяғы атысқа ұласқан. 22 жастағы жігіт сол жерде топ болып тұрғандарға қарай оқ атқан. 5 адам жараланды. Олар ауруханаға жеткізілді. Басына оқ тиген екі жігіттің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.


Гамзад МҰСАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ ЖАНСАҚТАУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Түскен кездегі жағдайы бір науқастың ауыр болған. Операцияға алынып ота жасалынып, миына операция жасалынып миындағы ұйыған қан алынып бүгінгі жағдайы жасалған операцияға сай. Есінде. Жағдайы ауыр. Бірақ тұрақты. Екінші науқас консервативно операциясыз емделіп жатыр. Қазіргі таңда ем қабылдап жатыр.


Ал, оқ атқан жігіт қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.


Ардақ МӘДІМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫ

Бұзақылық ниетпен «Бірнеше адамды өлтіруге оқталу» бабы бойынша іс қозғалды. Бұл азаматтардың арасында жанжал болғандығы анықталды. Содан кейін күдікті оларға қарай оқ атқан. Ол жедел іздестіріліп ұсталды. Қылмысын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Б. Жумабай