Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Депутаттар салынып жатқан нысандарды аралады

AstanaTV
17.06.2021ж. 20:00
1438
Депутаттар салынып жатқан нысандарды аралады

Бәрі сапалы болуы керек. Бүгін елордадағы әлеуметтік нысандардағы құрылыс жұмыстарын тексерген мәжіліс депутаттары осылай деді. Олар алдымен «NUR OTAN» партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінде салынып жатқан «Жастар» сарайына барды. Депутаттар құрылыс жұмыстарының сағыздай созылып кеткеніне алаңдаулы. Жұмысшылар аз. Сондықтан нысан жоспарланған мерзімде пайдалануға берілмейді. Мұнан соң мәжілісмендер жастарға арналған жалдамалы пәтерлер мен «Елорда жастары» бағдарламасы арқылы салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты. Мұндағы тірлік те көңілді көншітпеді дейді халық қалаулылары. Сондықтан бұл нысандарды олар ерекше назарда ұстамақ.


Мәди АХМЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:


Әрине мына бірінші обьекті бойынша қазірдің өзінде шешімін таппай тұрған мәселелер бар. Біріншіден, құрылыста 150-ден астам адам жұмыс істеуі керек. Бірақ, қазіргі таңда 50-ге жуық қана адам жұмыс жасап жатыр. Одан бөлек, құрылыстың аяқталу мерзімі 3 рет шегеріліп жатыр. Мына құрылыстың өзі осы жылдан, яғни шілде айының 1-де аяқталуы керек жұмыстар қыркүйек айын ауыстырылып жатыр.


Л. Қуанышқызы