Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбе облысында көлік ішінде ойнаған балалар жанып кетті

AstanaTV
17.06.2021ж. 20:00
2259
Ақтөбе облысында көлік ішінде ойнаған балалар жанып кетті

Ақтөбе облысында көлік өртеніп, бір отбасының екі баласы қайтыс болды. Қайғылы жағдай Әйтеке би ауданында болған. Ағайындылар бұзылып, аулада тұрған көлік ішінде ойнаған. Кенеттен ескі көлік отқа оранып, 3 жастағы інісі тірідей жанып кетті. Оның 7 жастағы ағасы өртенген көліктен шыққанымен, 4-ші дәрежедегі күйік алған. Жедел ауруханаға жеткізіліпті. Аудандық аурухананың дәрігерлері мен Ақтөбеден келген мамандар бүлдіршіннің өмірі үшін күрескенмен, құтқарып қалу мүмкін болмады.


Айгүл ҚҰШТАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Денесін 80 пайызға дейін күйік шалуына байланысты өте ауыр жағдайда Әйтеке би аудандық ауруханаға жеткізіліп, сол жерде жан сақтау бөлімінде реанимациялық көмек көрсетілді. Қаладан медициналық авиациядан құрамында реаниматолог-анестезолог және комбустиолог, травматолог дәрігер жолданды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке орай көрсетілген емнің нәтижесі болмай, бала қайтыс болды.


Өрттің шығу себептері, әзір белгісіз. Оны мамандар анықтауда. Жалпы жыл басынан бері аймақта 160-тан астам өрт болған. Оның салдарынан 5 адам қаза болды.


А. Базарбай