$494.87 €520.65 ₽4.91
×

119 мың азамат жалған жұмысқа орналасқаны анықталды

AstanaTV
17.06.2021ж. 20:00
2341
119 мың азамат жалған жұмысқа орналасқаны анықталды

Елде 119 мың азамат жалған жұмысқа орналасқаны анықталды. Мұндай ақпарат Есеп комитеті жүргізген аудит кезінде белгілі болды. Сенат депутаттары Еңбек министрілігіне сауал жолдады. Динара Нүкетаеваның айтуынша, соңғы 3 жылда 2 миллионға жуық азамат жұмысқа тұру үшін өтініш берген. Олардың тек 52 пайызы ғана тұрақты орын тапқан. Сенатор жұмыспен қамту және «Еңбек» бағдарламаларында да былық жетерлік деді. Әсіресе бөлінген шағын несиелерді мақсатты пайдаланбайтындар көбейіпті.


Динара НҮКЕТАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Жұмыс берушілер деректерді дұрыс толтырмайды. Ұқсас көрсеткіштер түрлі бағдарламаларда қайталанған. Еңбек нарығында ұзақ мерзімді перспективалар байқалмайды.


Мұндай олқылықтардың барын Еңбек министрлігі мойындайды. Осыны ескеріп, алдағы уақытта кешенді шаралар қабылданамақшы. Ведомство басшысы Серік Шәпкеновтың айтуынша, қысқа мерзімді жұмыстарға тосқауыл қойып, тұрақты жұмыспен қамтуға көп күш жұмсалмақ. Сондай-ақ микрокредиттердің жұмысын қадағалауды да қатаңдататынын айтты.


Серік ШӘПКЕНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Қысқамірзімді оқытуды тек жұмыс берушілердің сұрауымен оқытамыз. Бұл тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Ең үлкен мәселе ақпараттық жүйеарқылы бақылау. Тұрақты жұмысқа орналсқандарды салықтық төлемдері арқылы бақылауды күшейттік.


Ғ. Өтемісов