Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

AstanaTV
17.06.2021ж. 20:00
1943
Қостанай тұрғыны бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді

Қостанай тұрғыны қаланың қақ ортасында бұрынғы әйелін пышақтап өлтіріп, сосын өзін жарақаттады. Оқиға куәгерлері дереу жедел жәрдем мен полицияға хабар берген. Полицияның хабарлауынша, әйелдің артында бір баласы қалған. Тергеу талабына байланысты марқұмға қатысты өзге ақпараттар айтылған жоқ. Ал оны қатігездікпен өлтіріп, кейін өзіне пышақ сермеген 37 жастағы күдіктіге дәрігерлер ота жасап, аман алып қалды. Қазір жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер. Күдіктіні арнайы күзет бақылауға алған.


Ерболат МЫРЗАТАЕВ, ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Күдікті 2018 жылы әкімшілік кодекстің 73 бабы бойынша яғни отбасылық тұрмыстық зомбылық көрсеткені үшін жауапқа тартылған. Ерлі-зайыпты 2016 жылы ресми ажырасқан. Кейін қайта қосылып, бірге тұрмақ болыпты.Бірақ тіл табыса алмаған.


З. Санай