Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

В.Путин мен Д.Байден қандай келісімге келді?

AstanaTV
17.06.2021ж. 20:00
2056
В.Путин мен Д.Байден қандай келісімге келді?

Ресей Президенті Владимир Путин мен Ақ үй басшысы Джо Байден, арадағы кездесуге оң баға берді. Тараптар қарулану туралы келіссөздерді бастауға ниетті. Көптен күткен АҚШ пен Ресей басшыларының саммиті қалай өтті? Ақбота Базарбай әңгімелейді.


Ресей мен АҚШ арасындағы кездесу, әуелгіде 5 сағатқа жоспарланған еді. Бірақ тараптардың тілдесуіне 4 сағат жеткілікті болды.


Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ:

Кездесу негізінен тиімді болды. Ол мазмұнды, нақты және нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік беретін атмосферада өтті.


Егер біз нәтижелер туралы айтатын болсақ, онда нақты басшылар - дипломатиялық миссиялардың жұмысын қалпына келтіруге келісті. Нақты күні қойылмады. Байденде «барлық кездесу, оң болды» деп санайды. Оның айтуынша, тараптар бір-біріне деген көзқарастардың барлық қайшылықтарын нақтылаған.


Джо БАЙДЕН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қателіктерден, айтқым келетін нәрсені бұрмалаудан аулақ болу үшін жүзбе-жүз кездесуім маңызды болды. Мен нені жоспарлап келсем, соның бәрін істедім. Демократиялық егемендігімізді бұзуға немесе демократиялық сайлауларымызды тұрақсыздандыруға бағытталған әрекеттерге жол бермейтінімізді анық айттым. Оған көнбесе біз оларға тиісті жауап береміз. Мен Президент Путинге айтқан басты нәрсе - біз бәріміз ұстанатын негізгі ережелерді әзірлеуіміз керек.


Қару-жарақты бақылауға қатысты, екі тарап та ядролық соғысты қаламайтындықтарын айтты. Сондықтан ортақ тіл табу үшін диалог жүргізу керек. Оның үстіне, бұл мәселеде алға басу бар. Ядролық қаруға байланысты "Старт" жобасы тағы 5 жылға созды.


Владимир ПУТИН, РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІ:

Бізге американдық серіктестеріміздің не айтып отырғаны түсінікті. Белгілі бір ережелерге сай оларға да біздің айтқанымыз келетіні түсінікті. Бірақ шындығына келгенде, алысқа барып, нақтылай ашып, және бірнәрсені ортақ бөлісуге біз, әрине, жеткен жоқпыз.


Джо БАЙДЕН, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен Ресей АҚШ-пен қырғи қабақ соғысты іздейді деп ойламаймын. Бұл ешкімнің мүддесіне сай келмейтіні анық. Бірақ бұл оның қару-жарағын тастауға дайын екенін білдірмейді. Ол әлі де болса, оны қоршап алды деп қорқады. Әлі күнге дейін біз оны жойғымыз келеді деп алаңдайды.


Саммиттен кейін еуропалық басылымдар «екі ел арасында әлі де болса алшақтық бар, бірақ көпірлер салынды» деген сияқты үлкен тақырыптармен мақалалар жазды. Жалпы, Мәскеумен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру сәтті болды ма, жоқ па, шамамен алты айдан кейін белгілі болады дейді сарапшылар.


А. Базарбай