Жамбыл облысында 2 тоннаға жуық есірткі заты тәркіленді. Байзақ ауданының 56 жастағы тұрғынынан 730 келі «кептірілмеген марихуана» және 3 келіден астам дайын өнімі табылған.
Ол «Жусанды» аумағында заңсыз есірткі саудасымен бірнеше жылдан бері айналысып келген. Ал Жамбыл ауданының 36 жастағы тұрғынынан да дәл осындай есірткі затының кептірілмеген түрінің 1 тонна 220 келісі және «кептірілген анашаның» 20 келіден астамы тәркіленді. Олар осы «олжаларын» орып, жинап жатқан жерінен ұсталған. Жеңіл жолмен пайда тапқысы келген 36 жастағы азамат бұрын осындай әрекеті үшін сотты болған. Күдіктілер өз кінәсін толықтай мойындап, уақытша ұстау абақтысына жабылған. Жамбылда жыл басынан бері жалпы салмағы 12 тонна есірткі тәркіленген.
Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
Аталған
екі дерек те ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен аса ірі көлемдегі есірткі заттарын
сақтау ретінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіліміне тіркелді. Бап бойынша үш
жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.