Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Астана қаласының тұрғыны сақшылардан жәбір көргенін айтты

AstanaTV
29.08.2017ж. 20:00
2585
Астана қаласының тұрғыны сақшылардан жәбір көргенін айтты

Астана қаласының тұрғыны аулада есірткі шегетіндерге шағымданамын деп, қолын сындырды. Айтуынша, полицейлер анаша шегетіндерді емес, өзінің қолын бұрап сындырған. Тіпті сақшылар басқа да қылмыстарға итермелеп келе жатқанын мәлімдеді. Құқыққорғаушылардың пікірін тындап қайтқан тілшіміз Диана Сапарқызының материалы.

28 жастағы Данияр Ысқақовтың айтуынша, көрші 4 жігіт анаша шегіп, мазаны алатын көрінеді. Жағдай қайталана берген соң, өзге көршілері тәртіп сақшыларын шақырған. Алайда, Даниярдың айтуынша, сақшылар келгенімен, шөп шеккен адамдардың ісін елемеген. Бұған көңілі толмаған ол сақшылардың шара қолдануын сұрайды. "Сол сәтте полицейлер өзіме шабуыл жасап, қолымды бұрап сындырды", - дейді. Мұны Даниярдың әйелі телефонына түсіріп алған. 

Динара Бисекенова, жәбірленушінің әйелі:

Келсем, мына жерде төбелес басталып жатыр. Аналар тиісе бастады жолдасыма, мына жерде қылқындырып, сосын мен милицияны шақыра бастадым. Келді де, мыналарды алып кетті. Алып кеткенімен, қайтадан есікті тартып сындырды. Сосын басталды әрі қарай.

Данияр Искаков, жәбірленуші:

Милицияны шақырғанда менің әйелім, сол кезде милициялар келіп, мен кімнің атына шақырдым, соларды алып кетпей, менің қолымды қайырып сындырып, ұрып, мені қылмыскер ретінде машинаға салып, алып кетті. Сосын ар жақта қинады кішікене. Скорый шақырмады. Сосын айтты сені отырғызамыз деп.

Данияр балалар үйінде тәрбиеленген. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары оны түрлі қылмыстарға мәжбүрлейтін де көрінеді. "Егер дүкендерден қажетті заттарын ұрлап бермесем, қылмыстық іс ілеміз деп, қоқан-лоққы жасайды", - дейді.

Данияр Искаков:

Сарыарқа ауданының оперуполномоченныйлары, әйелім ауылда болғанда қорқытып, мені кішкентай ұрлықтарға жіберіп, сосын по примерению сторон дей ма, прекращали дело, өз статистикаларын көтеру үшін. Сөйткен де, сосын істі жауып, прокуратураға тапысырған. Прокуратураға жазғанда прокуратура көтеріп, соның бәрін, ештеңе істемеген олар.

Полицейлерден жәбір көрген Данияр Ысқақов ІІД мен Бас прокуратураға да арызданған.

Софья Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

ҚР Қылмыстық кодексінің 362 бабы бойынша іс тіркелген болатын. Және де жан-жақты тексеріс өзіндік қауіпсіздік басқармасында тексеру жүргізіліп жатыр.

Диана Сапарқызы, тілші:

362 бап "лауазымын асыра пайдалану" бабы. Демек, Данияр атап көрсеткен погондылар ісі тексеріліп жатыр. Шешім жақында шығарылмақ.