Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Таразда кәсіпкер түрмеге 52 телефон кіргізбек болған

AstanaTV
18.06.2021ж. 20:00
2347
Таразда кәсіпкер түрмеге 52 телефон кіргізбек болған

Тараздағы аса қауіпті ЖД 158/7 колониясына 52 телефон кіргізбекші болған азамат қолға түсті. Жабық мекемедегі ағаш өңдейтін шеберханада келісім шартпен жұмыс істейтін кәсіпкер телефонның бірнеше түрін ойылған ағаш ішіне жасырған. Құрылғыларды жылтыр қағазбен қымтап, ораған. Жымысқы ойы жүзеге аспай қалған кәсіпкермен арадағы келісім шарт жойылды. Енді ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мамандардың айтуынша, қазір мұндай жағдай жиілеп кеткен. Себебі заң бұзғандарға талап жеңіл дейді. Сондықтан қауіпсіздікті нығайту үшін заңға өзгерістер енгізуді сұрайды.


Теңізжан ЖӘНІБЕКОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚАЖД БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Тиым салынған заттарды сотталғандарға туысқандары немесе достары жоралары кіргізетін болса қазір олардың қатарына мынау жеке кәсіпкерлер де қатарына кіру болып жатыр. Мысалы биылдың өзіне сәуір айында бір жеке кәсіпкер мекемеге 85 ұялы байланыс телефонын өткізбекші болған кезінде бізге ұсталды.


Б. Жумабай