Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Түркістан облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды

AstanaTV
21.06.2021ж. 20:00
2050
Түркістан облысында жол апатынан 8 адам көз жұмды

Түркістан облысында екі жеңіл автокөлік соқтығысып салдарынан оқиға орнында жеті адам көз жұмды. Оның екеуі жүргізуші, қалған бесеуі көлікте болған жолаушылар. Бір адам ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген, бірақ дәрігерлер өмірін арашалап қала алмады. Айта кетейік, «Лада-Приора» мен «Фольцваген-Гольф» автокөліктері Созақ ауданының маңында соқтығысқан. Апат орнында жұмыс істеген полицияның дерегінше, жүргізушінің бірі Шымкент қаласының тұрғыны, екіншісі Жамбыл облысының азаматы. Апатқа нақты не себеп болғанын полиция анықтап жатыр.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда болған оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл жәйт Созақ аудандық полиция бөлімінің 345 бабы бойынша тіркелді. Сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

А. Төребеққызы