$520.93 €609.07 ₽6.68
×

«ЭКСПО» ісін қарау жалғасуда

AstanaTV
18.04.2016ж. 20:00
1756
«ЭКСПО» ісін қарау жалғасуда

«ЭКСПО» ісі бойынша айыпталғандардан 10 миллиард теңге көлемінде залалды өндіріп алу туралы талап-арыз түзетілуге жіберілді. Судья Әділхан Шайхисламов құжат дұрыс толтырылмаған дейді. Десе де ол жапа шеккендердің тергеу ісі аяқталғанша, талаптарын қайта ұсына алатынын айтты.

Еске салайық, өткен аптада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Әділет департаментінің өкілі Ғабит Құлахмет 24 айыпталушыға қарсы арыз түсірген. Ол компания 10 миллиард 25 миллион теңге көлемінде залал көрді деп шағымданған еді. Айта өтейік, бұл соманың 1 миллиард теңгесі мемлекет қазынасына қайтарылған. Атышулы «ЭКСПО» ісін қарау әлі жалғасуда. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА