Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Қоршаусыз қала» бағдарламасы Алматыны қаншалықты өзгертті?

AstanaTV
22.06.2021ж. 20:00
1234
«Қоршаусыз қала» бағдарламасы Алматыны қаншалықты өзгертті?

Алматы халқы қаладағы мекемелердің темір қоршаулары алынып тасталғалы шаһардың көркі кіргенін айтады. Олар бұрын көзге ерсі көрінетін ескі шарбақтар қазір жасыл желекпен көмкерілді дейді. Сәйкесінше қала кеңейіп, тыныс алу жақсарды деп отыр. «Қоршаусыз қала» бағдарламасы мегаполисті тағы қалай өзгертті? Толығырақ келесі бейнематериалда.

Бұл жоба алғаш Алматыда бастау алды. Қаланың экс-әкімі Бауыржан Байбектің қаулысымен мекемелердің темір қоршаулары алынды. Қаптаған дуалдар бұзылып, ескі шарбақтар жиналып тасталды . Бұған көптеген нысан басшылары қолдау білдіріп, оң өзгерістің алып шаһарды ажарландыратынын айтқан.

Жоба аясында мегаполис орталығындағы ең үлкен нысандардың қоршауы алынды. Алғашқылардың қатарында Асфендияров атындағы медициналық университет бар. Ондағылар қоршау алынғалы айналамыз кеңейді деп отыр. Әйтсе де қауіпсіздік мақсатында бейнекамералар санын көбейттік дейді.

Қанат ЖАЙЛАУБАЕВ, С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

Әрине қоршаусыз, қарапайым халық адамдар кіріп, жүріп, ғимараттарымызды көріп кетеді. Сондықтан мен ойлаймын біздің студенттеріміз, оқытушыларымыз бәрі соған жақсы қарады. Қоршаусыз осылай болғаны дұрыс.

Қала тұрғындары да шарбақтар жоқ болғандықтан айнала кеңейе түсті дейді. Мекемелердің сырты көрініп, жасыл желек көбейгенін айтады.

- Эстетикалық түрде де қоршап қойған сұлу болмайды ғой. Бір өздерін оқшаулап алған нәрсе сияқты. Былай ашық тұрса жақсы көрінеді. /Конечно ұнайды. Кеңістік пайда болған сияқты.

- Ұнап жатыр, қала ашық. Алып тастағаны жақсы, тазалық кішкене, ашылып жақсы болып жатыр қала. Гүлденіп жатыр.

Қоршаулардың орнына сан алуан ағаш пен шыршаның бірнеше түрі егілген. Экономистер бұл қаланың экологиялық жағдайын жақсартады деген пікірде.

Бекнұр КИСИКОВ, ЭКОНОМИСТ:

Ол бағдарлама дұрыс. Себебі экологиялық жағынан мысалыға қоршау қойғыңыз келсе, ағаштан я болмаса бір өсімдіктерден қоршау қойуыңызға болады. Оның экологиялық жағынан пайдасы көп. Және біз мәдениетті қаламыз. Мәдениетті қалада ондай қоршау болмауы керек.

Игі бастама аясында қоршаулар ғана алынып қойған жоқ, мұнан өзге де жұмыстар атқарылды. Жолдар кеңейтіліп қаланың сәнін бұзған дүңгіршектер жойылды. Бұл өзгерістер шаһардың көркін одан әрі айшықтай түсті.

 Ә. Лесбек\