Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодарда аудан прокуроры мен оның орынбасары жұмыстан қуылды

AstanaTV
23.06.2021ж. 20:00
2128
Павлодарда аудан прокуроры мен оның орынбасары жұмыстан қуылды

Павлодарда Железин ауданының прокуроры мен оның орынбасары жұмыстан қуылды.Олар ар-намыс Кодексін бұзды деп айыпталды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 1 ай бұрын аудандық прокуратура ғимаратында полицей өз-өзіне оқ атып, иығын жаралаған болатын. Тәртіп сақшысының туыстары оның өзіне оқ атуына аудан прокуроры мен орынбасары себеп болғанын айтқан. Облыстық прокуратураның тәртіптік комиссиясы шен таққан тұлғаларды жұмыстан босату туралы шешім шығарды.

Ө. Қуанар