$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда тағы бір адамнан үнді штаммы анықталды

AstanaTV
24.06.2021ж. 20:00
2287
Алматыда тағы бір адамнан үнді штаммы анықталды

Алматыда тағы бір адамнан үнді штаммы анықталды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді. Оның айтуынша, науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Жаңа штамм неге тез тарап жатыр? Мамандар не дейді? Толығырақ әріптесім Бекболат Сатуовтың материалында.

Алматыда үнді штаммы 1983 жылы туған келіншек пен оның 8 жастағы баласынан анықталған. Олар қазір инфекциялық ауруханада жатыр. Қауіпті вирусты жұқтырғандармен байланыста болғандар туралы әлі нақты ақпарат жоқ дейді. Жағдай бұлай жалғаса берсе, індет бірден күшейіп кетуі мүмкін деп мамандар қауіптеніп отыр.

Лаура МЫРЗАҒАЛИ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл дельта штаммы өзіміз үшінде қорқынышты болып тұр. Аурулар саны бірден көбейіп кетуі мүмкін деген өзіміз сондай сараптама жасап отырмыз. Бұрынғы наурыз айында қалай стационарларды көшірдік, короновирустық стационарларға, сондай жағдайға көшеміз ба деп ойлап отырмыз.

Заманың түлкі болса тазы боп шал. Алматылықтар вакцина салдырудың жаңа тәсіліне көшкен. Мәселен, Жетісу ауданы әкімдігінде вакцина салдырушылар арасында Біріккен Араб Әмірліктеріне екі адамға жолдама ойнатылып жатыр. Оны жеке кәсіпкер ұсынған.

Дәулет ШАЙТҰРСЫНҰЛЫ, ЖЕТІСУ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл сертификат жолдама БАӘ ашық датамен болады және ұтып алған адамның өзінің датасын қойып немес сол белгіленгенді ауыстыруға құықылы.

Ал Нұр-Сұлтанда жаңадан вакцина алғандар арасында пәтер ойнатылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов Іnstagram-парақшасында жариялады.

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Пәтер ұтысына биыл 25 маусым мен 31 тамыз аралығында вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады. Қыркүйек айының басында нәтижесін жариялаймыз. Конкурстың әділ өтуі және вакцина алғандарды толық қамту үшін IT-қоғамдастық жұмылады.

Әкім сондай-ақ, санитар дәрігерлердің қосымша карантин шектеулері туралы жаңа қаулы дайындап жатырғанын: қауіп-қатер тобы үшін вакцинация міндетті екенін,ал вакцина алмаған қызметкерлерді қашықтан жұмыс істеу режиміне көшіру талап етіледі дейді. Вакцинация – пандемиямен күрестегі жалғыз, әрі тиімді әдіс.

Б. Сатуов