Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Ресейде вакцина қабылдамағандар жұмыстан шеттетіледі

AstanaTV
24.06.2021ж. 20:00
1982
Ресейде вакцина қабылдамағандар жұмыстан шеттетіледі

Ал Ресейде вакцина қабылдамаған мәскеуліктер жұмыстан шеттетіледі. Тіптен, ол азаматтарға жалақы мен еңбек демалысы үшін ақы төленбейді. Әйтпесе бүкіл мекеме жұмысы үш айға тоқтатылады деп жазды Интерфакс. Билік мұндай шараларды эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты қабылдаған. Мәселен соңғы екі аптада Ресей астанасында COVID-19 өлімі бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді. Әсіресе жаңа үнді штаммы «дельта» өршіп тұр.

Сергей СОБЯНИН, МӘСКЕУ МЭРІ:

Өлім-жітімнің деңгейі алаңдатарлық, біз екі күннің ішінде күнделікті өлімнің рекордтық көрсеткішін тіркейміз. Ауру жұқтырғандардың 77% -ы еңбекке жарамды азаматтар. Мәскеуде барлық науқастардың шамамен 90% -ы жаңа мутациялық үнді штамын жұқтырған.

Коронавирустың үнді штамы 90-ға жуық елдің аумағына еніп үлгерді. Германияда да осы типтегі науқастардың саны кем дегенде екі есеге артқан. Францияда да дельта вирусын жұқтырғандар көбейіп барады. Германия канцлері Ангела Меркель «дельтаға» байланысты Еуропа пандемиямен күресте қол жеткен барлық жетістіктерді жоғалту қаупі бар екенін айтты. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кәмелет жасқа толмаған балаларға да вакцина салуға болатынын хабарлады. Сарапшылар Pfizer және BioNTech вакциналары 12 және одан жоғары жастағы балаларға өте қолайлы деген қорытындыға келген.

Б. Сатуов