$447.14 €499.54 ₽5.46

Абай облысында із-түзсіз жоғалған ер адам табылды

07.11.2026ж. 02:03
Абай облысында із-түзсіз жоғалған ер адам табылды
фото: pixabay

Жаңасемей ауданының Бұлақ ауылында 1958 жылы туған ер адамның жоғалғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Astana TV. 

Таңертең ол үйінен шығып, қайта оралмаған. Туыстарының айтуынша, ер адам адасып, бағдарынан жаңылуы мүмкін. Өзімен бірге ұялы телефоны болмаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Семей қаласындағы жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жұмылдырылды. Іздестіру барысында квадроцикл мен ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.

Нәтижесінде ер адам Бұлақ ауылынан 8 шақырым қашықтықта, Өскемен қаласына қарай бағытта табылды. Ол медициналық көмекті қажет етпеді және полиция қызметкерлеріне тапсырылды.