Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Оралда шайынды суды төгетін жер жоқ

AstanaTV
24.06.2021ж. 20:00
1817
Оралда шайынды суды төгетін жер жоқ

Ал Оралда ассенизаторлық көліктердің жүргізушілері шайынды суды қайда төгерін білмей отыр. Өйткені лас су құйылатын стансадағы кәріз құбыры бітеліп қалған. Осының салдарынан бұл орталық қалдық суды таситын арнайы техниканы қабылдап үлгірмей жатыр. Кезегін күні бойы күтіп, жүйкесі жұқарған жүргізушілерді Еркін Карин тыңдады.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Ассенизаторлық көліктердің жүргізушілері таңертеңгі тоғыздан бері осылай кезегін күтуге мәжбүр. Бірақ «Батыс су арнасы» мекемесі шайынды су құйылатын стансаның жұмыс уақытын қысқартып, түскі сағат үшке дейін шектеген. Амалы таусылған жүргізушілердің кейбірі қаланың басқа бір шетіндегі шайынды су құятын стансаға кетіпті. Алайда артық жүрген әр шақырым сайын шығынымыз еселене түседі дейді олар.

Абат АБУЛХАТИМОВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

100 машина тұрамыз, бір сағат, екі сағат тұрасың өшіретте. Барып-төгесің. Клиенттер бәрі ұрысады біздерге. Мына ауылдарға барып-келуің 62 километр. Барасың, келесің – 5 мың. Солярканы өздерің білесіздер. Бір күнде 188 болды, таңертең тұрсақ, 198тг.

Бұрын бұл станса бір мезетте он шақты көлікті қатар қабылдайтын. Қазір ішке екі мәшине ғана кіре алады. Орталықтың ішкі кәріз жүйесі бітеліп қалған соң, «Батыс су арнасы» көлік санын осылай шектеген. Бірақ кәрізді тазалауға, құбырды ауыстыруға асығар емес. Енді құбырдан шыққан сасық су сыртқа ағып, көшеге жайылып жатыр.

Марат САНСЫЗБАЕВ, КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ:

Раньше КНС-ка старый болғанда бәрі келіп тұрды, нормальный еді по старой трубе. Қазір жаңа труба салды. Вәпше ештеме жүрмейді. Білмеймін оны не үшін салғанын? Бәрі забитый. Батыс су арнасына айтасың. Бәрі келеді де, кетеді. Ешкім келіп жатқан жоқ мынаның басына. машинамен келеді де зырылдап өтіп кетеді. Болды, ешкім келмейді мынаның басына.

Арнайы техниканың жүргізушілері үш жылдан бері осылай қиналып жүргенін айтады. Шайынды суды қаланың басқа бір шетіндегі стансаға апарып төксе, қызмет құнын екі-үш есеге дейін қымбаттатуы керек. Бірақ ол халықтың қалтасына салмақ салады. Сондықтан, тезірек шара қолданбаса, жағдай ушығып кетуі мүмкін дейді. Ал сумен қамту мекемесінің өкілдері жағдай бақылауда, деп отыр.

Қайырғали ИМАШЕВ, "БАТЫС СУ АРНАСЫ" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Алла қосса, бүгін кешке іштегі тұрбаны бітіреді и ертең тағы екінші труба коллекторға баратын. Қазір біреуін тазартып жатыр. Екіншісін тазартып болғасын, бәрі қосылады, бәрі нормально болады.

Сумен қамту мекемесі қала шетінен тағы бір шайынды су құятын станса ашуды ұсыныпты. Сонда бүгінгідей кептеліс болмайды дейді олар. Бірақ бұл іске де қаржы керек. Ал егер мәселе шешілмесе күн сайын 35 мың текше метр лас су шығатын Оралдың көшелері шалшыққа айналуы әбден мүмкін.

Е. Карин