Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Коронавирус жұқтырған 409 адамның жағдайы ауыр

AstanaTV
25.06.2021ж. 20:00
1965
Коронавирус жұқтырған 409 адамның жағдайы ауыр

Елде эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады. Өткен тәулікте мың жарымға жуық адамнан індет анықталды. Оның 500-ден астамы - елордалық. Осы аптадағы ең жоғары жұқтыру деңгейі кеше тіркелді. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес коронавирус жұқтырған 22 мың науқас емделіп жатыр. Оның 409-ның халі нашар. 68 сырқат өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Айта кету керек, пандемия басталғаны 4300-ге тарта адам вирустың құрбаны болды. Енді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бағалау матрицасына көз жүгіртсек. Елорда әлі "қауіпті" аймақта. Шымкент пен Алматы қалалары және 4 облыс "сары", қалған өңірлер "жасыл" белдеуде. COVID-19-ға қарсы вакцинаның 1 компонентін салғызғандар 3 миллионға таяды. Ал, 1 миллион 900 мыңға жуық адам иммундауды толық аяқтады. Әзірге, екпе алу бойынша Алматы қаласының тұрғындары көш басында.

А. Данияр