Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Қызылордада автогаз бағасы қымбаттады

AstanaTV
25.06.2021ж. 20:00
3700
Қызылордада автогаз бағасы қымбаттады

Қызылордада автокөлікке қажетті сұйытылған газ бағасы аспандап кетті. Бірден 20 теңгеге көтерілген баға табиғи газ өндіріп отырған аймақ тұрғындарының қалтасын қағуда. Оның үстіне, жетіспеушілік бар дейді жүргізушілер. Мәселенің мән-жайын тілшіміз анықтауға тырысты.

Көлік жүргізушілері бұған дейін газды 60-65 теңгеден құйып келгендіктерін айтады. Ал енді ол 20 теңгеге бір-ақ көтерілген. Оның өзі қолжетімді емес. Кейбір бекеттерде ғана бар.

- Қалтаға соғып жатыр. Газ сосын жоқ. Барлық жерде талонмен, карточкамен. Қолма қол ақшаға төлеу қиындау. Бұрын 600 теңгеге 10 литр құятын едік, қазір 1000 теңгеге 10 литр құясың.

- Халықтың жағдайы аса оны көтеретіндей жағдайда емес қой. Өзіміздің жерімізден шығады газ Алдағы уақытта түсетін шығар деген үміттеміз.

Ал мамандар болса, газ бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді дейді. Олар қымбатшылықты газ тапшылығымен байланыстырып отыр. Оның негізгі себебі еліміздегі ірі зауыттардың уақытша жұмысын тоқтауы дейді.

Ерсін ОРЫНБАЕВ, БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

Әр маусым сайын үш зауыт тоқтауды. Жөндеу жұмыстарына. Шымкенттегі зауыт тоқтап қалғаннан кейін сұйытылған мұнай-газды шығармай қойды. Оның алдында Атырау да шығармай қойған. Бір «КазгерМұнайдың» газы бар. Бірақ ол тек Қызылорда облысына ғана емес, Жамбыл облысына да, Алматы облысына, Алматыға, Шымкентке, Түркістан облысына кетіп жатыр. Сондықтан газ тапшылығы бар.

Дегенмен, мамандар алдағы уақытта талдау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Газдың құнын негізсіз көтерген кәсіпкерлер анықталса, тиісті шара көреміз дейді.

М. Тоқтасынқызы